"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10- тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар ауданы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін аудандағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйдерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әр тәулік үшін алынатын туристік жарна мөлшерлемесі – 0 % (нөл пайыз) мөлшерінде бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 10.07.2024 № 15-294/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық мәслихатының төрағасы | |
А. Омаров |