Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазанындағы № 6-145/VIII "Үржар ауданы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) туристік жарнасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 15-294/VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 шілдеде № 300-18 болып тіркелді

      Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының "Үржар ауданы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) туристік жарнасын бекіту туралы" 2023 жылғы 27 қазанындағы № 6-145/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №151-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1.Үржар ауданы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін аудандағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйдерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әр тәулік үшін алынатын туристік жарна мөлшерлемесі – 0 % (нөл пайыз) мөлшерінде бекітілсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар аудандық мәслихатының төрағасы
      А. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады