Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."2024 жылға арналған Жамбыл облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 146 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5211-08 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2."Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жамбыл облысы әкімдігінің |
2024 жылғы 26 қарашадағы | |
№ 280 | |
қаулысына қосымша | |
Жамбыл облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы 11 маусымдағы | |
№ 146 қаулысына қосымша |
2024 жылға арналған Жамбыл облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемі
№ | Тауарлы балық өнімдерінің түрі | Өндіріс көлемі, сатып алу (тонна, дана) | Бір килограмм балық азығына, 1 (бір) дана балық өсіру материалын сатып алуға, балық өсіру биологиялық негіздеме алуға субсидиялар сомасы (теңге) | Субсидия сомасы, (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары: | |||
1.1 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (отандық өндірістің азығы үшін) | 20 тонна | 105 | 8400,0 |
1.2 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шетелдік өндірістің азығы үшін) | 45 тонна | 210 | 15120,0 |
1.3 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 235 тонна | 270 | 76140,0 |
2. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары: | |||
2.1 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы (30 граммға дейін) – 1 (бір) дана | 1200000 дана | 15 | 18000,0 |
2.2 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарының ұрықтанған уылдырығы (дана) – 1 (бір) уылдырық | 1991200 дана | 5 | 9956,0 |
2.3 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы (10 граммға дейін) – 1 (бір) дана | 2775360 дана | 25 | 69384,0 |
3. | Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | 6 дана | 500000 | 3000,0 |
Барлығы: | - | - | 200000,0 |