2024 жылға арналған Жамбыл облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемін бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 146 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 маусымда № 5211-08 болып тіркелді.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Жамбыл облысы әкімдігінің

  2024 жылғы 11 маусымдағы
  № 146
  қаулысына қосымша

2024 жылға арналған Жамбыл облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 26.11.2024 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Тауарлы балық өнімдерінің түрі

Өндіріс көлемі, сатып алу (тонна, дана)

Бір килограмм балық азығына, 1 (бір) дана балық өсіру материалын сатып алуға, балық өсіру биологиялық негіздеме алуға субсидиялар сомасы (теңге)

Субсидия сомасы, (мың теңге)

1

2

3

4

5

1.

Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:

1.1

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (отандық өндірістің азығы үшін)

20 тонна

105

8400,0

1.2

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шетелдік өндірістің азығы үшін)

45 тонна

210

15120,0

1.3

Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары

235 тонна

270

76140,0

2.

Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:

2.1

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы (30 граммға дейін) – 1 (бір) дана

1200000 дана

15

18000,0

2.2

Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарының ұрықтанған уылдырығы (дана) – 1 (бір) уылдырық

1991200 дана

5

9956,0

2.3

Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы (10 граммға дейін) – 1 (бір) дана

2775360 дана

25

69384,0

3.

Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

6 дана

500000

3000,0

Барлығы:

-

-

200000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады