Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жамбыл ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №64-3 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің №3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.
1. "Жамбыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жамбыл аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамсыз етсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық | |
мәслихат төрағасы | М. Шайдаев |