"Жамбыл ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №64-3 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 17-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 наурызда № 5167-08 болып тіркелді

      Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №64-3 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің №3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.

      1. "Жамбыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жамбыл аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамсыз етсін.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық
      мәслихат төрағасы М. Шайдаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады