"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шу ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 28-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2246 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу ауданының | |
мәслихат төрағасы | Ж. Абенов |