Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 05.03.2024 № 17-3 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Қоса беріліп отырғанШу ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Шу ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларына қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | Мәслихат хатшысы |
Б. Ниязбеков | Б. Саудабаев |
Шу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 28-11 шешіміне 1 қосымша |
Шу ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шу ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабы 6 тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Шу ауданындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Шу ауданының Шу қаласының, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізудің тәртібі
3. Бөлек жиынды Шу қаласының, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады.
Шу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Шу қаласының, ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, қөшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Шу қаласының, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Шу қаласының, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларың аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, қөше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидасы негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Шу қаласының ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Шу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 28-11 шешіміне 2 қосымша |
Шу ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл,
көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ауыл,көше, көппәтерлі тұрғын үй атаулары | Өкілдердің сандық құрамы (адам) |
Шу қаласы | |
"Батыс" шағын ауданы | 13 |
"Жайсан" шағын ауданы | 4 |
"Косқұдык" шағын ауданы | 5 |
"Қантзауыты" шағын ауданы | 4 |
Школьная көшесі | 1 |
Деповская көшесі | 1 |
М.Әуезов көшесі | 1 |
Б.Момышұлы көшесі | 2 |
Степная көшесі | 1 |
Б.Андақұлов көшесі | 1 |
Қ.Қабышұлы көшесі | 1 |
Бугровая көшесі | 1 |
М.Перепелов көшесі | 1 |
Ағыбай батыр көшесі | 1 |
Төлепберген көшесі | 1 |
Дружба көшесі | 1 |
К.Тимирязев көшесі | 1 |
Төле би ауылдық округі | |
Балуан Шолак көшесі | 4 |
Төле би көшесі | 4 |
Ю.Гагарин көшесі | 2 |
С.Шакиров көшесі | 4 |
У.Асатов көшесі | 1 |
Жақсыбай көшесі | 2 |
Қылышбай көшесі | 2 |
Ә.Касенеев көшесі | 1 |
Д.Конаев көшесі | 1 |
М.Мәметова көшесі | 1 |
Гайдар көшесі | 1 |
Құрамысов көшесі | 1 |
Т.Бокин көшесі | 2 |
Жидебай көшесі | 1 |
Жамбыл көшесі | 1 |
Егемберді көшесі | 1 |
С.Естемесов көшесі | 1 |
Көкқайнар селолық округі | |
Б.Косқулақұлы көшесі | 4 |
Саудабай қажы көшесі | 4 |
С.Естемесов көшесі | 1 |
Қ.Кішібайұлы көшесі | 1 |
Қонаев ауылы | |
Абылайхан көшесі | 4 |
А.Байтұрсынов көшесі | 2 |
У.Дулат көшесі | 1 |
М.Дулатов көшесі | 1 |
С.Онласынов көшесі | 4 |
Ататүрк көшесі | 3 |
Бөлтірік көшесі | 1 |
Казақстан көшесі | 1 |
Жамбыл көшесі | 1 |
Амангелді көшесі | 1 |
Д.Конаев көшесі | 2 |
М.Мәметова көшесі | 1 |
Шокпар селолық округі | |
Шокпар ауылы | 7 |
Шокпар стансасы | 11 |
Ақсу ауылдық округі | |
Ақсу ауылы | 6 |
Оразалы Батыр ауылы | 6 |
Корағаты селолық округі | |
Мойынкұм ауылы | 4 |
Жиенбет ауылы | 2 |
Еңбек ауылы | 2 |
Өндіріс ауылдық округі | |
Секер батыр көшесі | 1 |
М.Юсупов көшесі | 1 |
Жаксыбай көшесі | 1 |
Байсалбай көшесі | 1 |
Төрекұл көшесі | 1 |
Тасөткел селолық округі | |
Абай көшесі | 5 |
Бөлтірік көшесі | 2 |
Жексен көшесі | 3 |
Д.Қонаев көшесі | 3 |
Т.Рысқұлов көшесі | 2 |
Жаңақоғам селолық округі | |
Жамбыл көшесі | 2 |
Байменді көшесі | 1 |
С.Сейфуллин көшесі | 2 |
А.Ғалиақпаров көшесі | 1 |
С.Төлешов көшесі | 1 |
М.Мәметова көшесі | 1 |
Бірлік-2 стансасы | 1 |
Ә.Шыңғожаев көшесі | 1 |
Далақайнар селосы | |
Абай көшесі | 1 |
Бөлтірік көшесі | 1 |
Бұланбай көшесі | 1 |
Амангелді көшесі | 1 |
Әубәкіров көшесі | 1 |
М.Габдуллин көшесі | 1 |
Ә.Молдағүлова көшесі | 1 |
Төле би көшесі | 1 |
Б.Момышұлы көшесі | 1 |
С.Естемесов көшесі | 1 |
Ж.Оспанбеков көшесі | 1 |
Әбілтай көшесі | 1 |
Т.Рысқұлов көшесі | 1 |
Қосы батыр көшесі | 1 |
Жеңіс көшесі | 1 |
Көктөбе бекеті | 1 |
М.Мәметова көшесі | 1 |
Бірлікүстем селолық округі | |
Р.Байдахметов көшесі | 1 |
Н.Жумабаев көшесі | 2 |
Ж.Масатбаев көшесі | 2 |
Т.Малдыбаев көшесі | 2 |
М.Ниязбеков көшесі | 2 |
М.Құдайғұлов көшесі | 2 |
С.Сербаев көшесі | 2 |
Ескі-Шу селолық округі | |
Белбасар ауылы | 12 |
Еңбекші ауылы | 3 |
Тасөткел су қоймасы ауылы | 2 |
Жаңа Жол ауылдық округі | |
И.Мамедгасанов көшесі | 1 |
Алғадай көшесі | 1 |
Н.Секерұлы көшесі | 1 |
С.Омірзакұлы көшесі | 1 |
Тәңіберген көшесі | 1 |
Бірлік селолық округі | |
Амангелді көшесі | 5 |
Б.Андакұлов көшесі | 3 |
Центральная көшесі | 2 |
Мир көшесі | 2 |
И.Панфилов көшесі | 2 |
Привокзальная көшесі | 1 |
Алға селолық округі | |
Алға ауылы | 6 |
Сауытбек ауылы | 2 |
Жайсан ауылы | 2 |
Балуан Шолақ селолық округі | |
Бармақ көшесі | 1 |
Байболат көшесі | 1 |
Дулат көшесі | 1 |
Қойайдар көшесі | 1 |
Қосы Батыр көшесі | 1 |
Прудхоз | 1 |
Дулат селолық округі | |
Бәйдібек ауылы | 6 |
Бөлтірік ауылы | 5 |
Актөбе селолық округі | |
Жеңістің 30 жылдығы көшесі | 3 |
Ә.Көшенов көшесі | 2 |
С.Естемесов көшесі | 1 |
Т.Рысқұлов көшесі | 1 |
Қ.Сәтбаев көшесі | 1 |
Ғ.Мұратбаев көшесі | 1 |
Ж.Жабаев көшесі | 1 |
Б.Мүштаев көшесі | 1 |