"Шу ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 28-11 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 17-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 наурызда № 5164-08 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шу ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 28-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2246 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шу ауданының
      мәслихат төрағасы Ж. Абенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады