Ұлытау облысының аумағында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы

Ұлытау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 қазандағы № 20/182 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 қазанда № 151-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау облысының аумағында жануарларды асырау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

  Ұлытау облыстық
мәслихатының
2024 жылғы 16
қазандағы
№ 20/182
шешіміне қосымша

Ұлытау облысының аумағында жануарларды асырау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлытау облысының аумағында жануарларды асырау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына және "Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10183 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Ұлытау облысының аумағында жануарларды асырау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидадар меншік нысанына қарамастан, жануарларды асырайтын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тұқымды жануар – Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды жануар;

      2) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;

      4) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;

      5) ветеринариялық паспорт - электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;

      6) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

      7) дезинсекция - жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;

      8) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;

      9) дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;

      10) жабайы жануарлар - табиғи тіршілік ету ортасы жабайы табиғат болып табылатын, сонымен қатар еріксіз немесе жартылай бостандықта мекендейтін жануарлар;

      11) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы және үй, жабайы жануарлар;

      12) үй жануарлары - иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары.

2 тарау. Жануарларды асырау тәртібі

      4. Асыл тұқымды жануарларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарларын өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, келесіні қамтамасыз ету қажет:

      1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы, үй жануарлары мен асыл тұқымды малдарды уақытылы бірдейлендіруді;

      2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы маңызы бар және үй жануарларын уақытылы диагностикалаудан және вакцинациялаудан өткізуді;

      3) жануардың түріне, жасына және физиологиясына сәйкес саулығы, ауқаттылығы жөніндегі күтімді және оларды пайдалануды;

      4) жануарлар және адамдар ортасының қауіпсіздігін, сонымен қатар мүліктің жануарлардан зиян келтіруінен;

      5) жануарларда керексіз тұқымның пайда болуын болдырмау бойынша уақытша оқшаулау және биостерилизациялау жолдары арқылы шаралар қолдануы;

      6) көлік жолында жануарлармен өткен кезде жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау және оның жолдан өтіп бара жатқандағы тәртібін тікелей қадағалау арқылы жолдан өткен кезде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауы;

      7) санитариялық - гигиеналық нормалардың және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі.

      5. Жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы, үй, жабайы және асыл тұқымды жануарларды ұстау кезінде келесіні қамтамасыз етеді:

      1) жайлы орналасқан орындарды, ылғалды-температуралық режимді, табиғи жарықты, вентиляцияны;

      2) құқық қорғау органдары арнайы дайындалған жануарларды (иттерді) қызметте шұғыл пайдаланған уақытта және оларды оқу-үйрету іс-шараларында пайдаланған уақытта, тұмылдырықта болуын және қысқа тізгінде ұсталуын;

      3) оларды биологиялық, түр-тұқымдық және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін және олардың тамаққа, суға, ұйқыға, қозғалысқа, өзіне ұқсас жануарлармен қатынастарға, табиғи белсенділік пен басқа да қажеттіліктерге табиғи мұқтажын қанағаттандыратын жағдай жасалуын;

      4) оқшауланған қора-жайда, қоршалған аумақта бос қойып немесе байлаулы ұстап бағуды. Күзетуге арналған жануарларды (иттерді) "абайлаңыз қабаған ит" деген ескерту жазуы бар, жабдықталған қора-жайларда немесе байлауда ұсталуын;

      5) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, өз тұрғын алаңында бірнеше отбасы қоныстанған тұрғын жайларында (пәтерде тұратын барлық тұрғындардан жазбаша келісімдерімен).

      6. Жәндіктермен, сондай-ақ кеміргіштермен күресу мақсатында жануарлар асырау орындарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10028 болып тіркелген) бекітілген Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларына сәйкес дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық препараттармен өңдеу қажет.

      7. Жануарларды асырау қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген) бекітілген Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес жойылуға жатады.

      8. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 354 бұйрығымен бекітілген Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15772 болып тіркелген) сәйкес жұзеге асырылады.

      9. Адамдардың сүйемелдеуінсіз жүрген жануарлар қараусыз жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады. Ұсталған қараусыз жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі, сондай-ақ иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.

      10. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына аса қауiп төндiретiн жануарларды мiндеттi түрде алып қою және жою "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Жануарларды асыру кезінде:

      1) жануарларға қатыгездікпен қарауға;

      2) жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындарында және жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көзінен жиырма метрден жақын радиуста жануарларды суаруға жол берілмейді.

      Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртiбiмен жол берiледi;

      3) су қорғау аймақтарының шегінде мал жаюға, жануарларды шомылдыруға және санитариялық өңдеуге;

      4) жануарлардың елді мекендер шегінде, сондай-ақ автомобиль және теміржол жолдарына бөлінген жолақта қараусыз мал жайылатын орындардан тыс жерлерде болуына;

      5) қоршаған ортаның ластануына жол берілмейді.

3. Қорытынды ережелер

      12. Осы Қағидаларды бұзған үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

Об утверждении Правил содержания животных на территории области Ұлытау

Решение маслихата области Ұлытау от 16 октября 2024 года № 20/182. Зарегистрировано в Департаменте юстиции области Ұлытау 22 октября 2024 года № 151-20

      В соответствии с пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О ветеринарии", Законом Республики Казахстан "Об ответственном обращении с животными" маслихат области Ұлытау РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила содержания животных на территории области Ұлытау согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата области Ұлытау Б. Шингисов

  Приложение к
решению
маслихата области
Ұлытау
от 16 октября 2024 года
№ 20/182

Правила содержания животных на территории области Ұлытау

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания животных на территории области Ұлытау (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 16-02/701 "Об утверждении Правил обращения с животными" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10183) и определяют порядок содержания животных на территории области Ұлытау.

      2. Действие настоящих Правил распространяется на физических и юридических лиц, независимо от формы собственности, содержащих животных.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) племенное животное – чистопородное животное, отвечающее направлению и уровню продуктивности породы, зарегистрированное в республиканской палате в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан о племенном животноводстве ;

      2) сельскохозяйственные животные - культивируемые человеком все виды животных, птиц, рыб и пчел, имеющих непосредственное отношение к сельскохозяйственному производству;

      3) идентификация сельскохозяйственных животных – процедура учета животных, включающая присвоение индивидуального номера животным путем использования изделий (средств) для проведения идентификации, таврения с включением сведений о сельскохозяйственном животном в базу данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдачей ветеринарного паспорта;

      4) ветеринарные (ветеринарно-санитарные) правила – нормативный правовой акт, устанавливающий ветеринарные (ветеринарно-санитарные, зоогигиенические) требования к объектам государственного ветеринарно - санитарного контроля и надзора, а также определяющий порядок проведения ветеринарных мероприятий на основе ветеринарных нормативов, являющийся обязательным для исполнения физическими и юридическими лицами;

      5) ветеринарный паспорт – документ установленной уполномоченным органом формы, выдаваемый в виде электронного документа, в котором в целях учета животных указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст (дата рождения), индивидуальный номер животного;

      6) ветеринарные мероприятия - комплекс противоэпизоотических, ветеринарно-санитарных процедур, направленных на предотвращение возникновения, распространения или ликвидацию болезней животных, включая их профилактику, лечение или диагностику; обезвреживание (обеззараживание), изъятие и уничтожение животных, зараженных особо опасными болезнями, представляющими опасность для здоровья животных и человека; повышение продуктивности животных; обеспечение безопасности продукции и сырья животного происхождения, кормов и кормовых добавок, включая идентификацию сельскохозяйственных животных, в целях защиты здоровья животных и человека от заразных болезней, в том числе общих для животных и человека;

      7) дезинсекция – комплекс профилактических и истребительных мероприятий по уничтожению насекомых и членистоногих в целях защиты от них человека, животных, помещений и территории;

      8) дезинфекция – комплекс специальных мероприятий, направленных на уничтожение возбудителей инфекционных и паразитарных заболеваний во внешней среде;

      9) дератизация – комплекс профилактических и истребительных мероприятий, направленных на уничтожение или снижение числа грызунов;

      10) дикие животные – животные, естественной средой существования которых является дикая природа, в том числе те, которые находятся в неволе или полусвободных условиях;

      11) животные – биологические объекты, принадлежащие к фауне: сельскохозяйственные, домашние и дикие животные;

      12) домашние животные – собаки, кошки и другие животные, которые в течение продолжительного исторического периода традиционно содержатся и разводятся человеком, а также видов или пород, искусственно выведенных человеком для удовлетворения эстетических нужд и не имеющих, жизнеспособных диких популяций, состоящих из особей с аналогичными морфологическими признаками и существующих продолжительное время в их естественном ареале.

Глава 2. Порядок содержания животных

      4. Физические и юридические лица, занимающиеся воспроизводством, выращиванием, разведением, содержанием сельскохозяйственных, домашних и диких животных, включая племенных животных обеспечивают:

      1) своевременную идентификацию сельскохозяйственных, домашних и племенных животных, согласно Правилам идентификации сельскохозяйственных животных, утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11127);

      2) своевременную вакцинацию и диагностику сельскохозяйственных, домашних и племенных животных для обеспечения ветеринарно-санитарной безопасности;

      3) заботу о здоровье, благосостоянии и использовании животного в соответствии с его видом, возрастом и физиологией;

      4) безопасность окружающих людей и животных, а также имущества от причинения вреда животными;

      5) применение мер по предотвращению появления нежелательного потомства у животных путем применения временной изоляции и биостерилизации;

      6) обеспечение безопасности дорожного движения при прохождении с животным возле транспортных путей и при их переходе путем непосредственного контроля его поведения;

      7) соблюдение требований санитарно-гигиенических норм и Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил, утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 7-1/587 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11940).

      5. Физические и юридические лица при содержании сельскохозяйственных, домашних, диких и племенных животных обеспечивают:

      1) обустроенные места, температурно-влажный режим, естественное освещение, вентиляцию;

      2) намордники и короткие поводки животным специального назначения (собаки) во время оперативного их использования правоохранительными органами и во время учебно-дрессировочных мероприятий;

      3) условия, соответствующие их биологическим, видовым и индивидуальным особенностям и удовлетворяющие их естественные нужды в пище, воде, сне, движениях, контактах с подобными себе животными, в естественной активности и других потребностях;

      4) изолированное помещение, огражденную территорию, в свободном выгуле или на привязи. Животные, предназначенные для охраны (собаки) содержатся в оборудованных помещениях или на привязи, с наличием предупредительной надписи "осторожно злая собака";

      5) в жилых помещениях, занятых несколькими семьями, лишь на своей жилой площади (с письменного согласия всех проживающих в квартире) в соответствии c Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях".

      6. В целях борьбы с насекомыми, а также грызунами необходимо обрабатывать места содержания животных дезинфекционными, дезинсекционными и дератизационными препаратами согласно Правилам проведения дезинфекции, дезинсекции, дератизации, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 ноября 2014 года № 7-1/619 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10028).

      7. Биологические отходы, возникающие в процессе деятельности содержания животных, подлежат уничтожению в соответствии с Правилами утилизации, уничтожения биологических отходов, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 16-07/307 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11003).

      8. Содержание, разведение в неволе и полувольных условиях редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных и видов животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения осуществляется в соответствии с Правилами содержания, разведения в неволе и полувольных условиях редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных и видов животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения, утвержденными приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан-Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 августа 2017 года № 354 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15772).

      9. Животные, передвигающиеся без сопровождающих лиц, считаются безнадзорными и подлежат загону в места для временного содержания до выявления владельца. Порядок содержания, возврата задержанных безнадзорных животных владельцам, а также ответственность владельцев определяется в соответствии со статьей 246 Гражданского кодекса Республики Казахстан.

      10. Изъятие и уничтожение животных, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, осуществляется в соответствии с Правилами обязательного изъятия и уничтожения животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека, либо их обязательного обезвреживания (обеззараживания) и переработки без изъятия, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 7-1/559 "Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9891).

      11. При содержании животных не допускается:

      1) жестокое обращение с животными;

      2) водопой животных в общественных местах купания, прудах, фонтанах, водоемах и водозаборах общего пользования, в радиусе ближе двадцати метров от источника нецентрализованного водоснабжения.

      Использование водных объектов для водопоя сельскохозяйственных животных допускается вне зоны санитарной охраны и при наличии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов в порядке общего водопользования;

      3) выпас, купание и санитарная обработка животных в пределах водоохранных зон;

      4) нахождение животных вне мест выпаса без присмотра в черте населенных пунктов, а также в полосе отвода автомобильных и железных дорог;

      5) загрязнение окружающей среды.

3. Заключительные положения

      12. Лица, виновные в нарушении настоящих Правил, несут ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.