Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" 2020 жылғы 29 шілдедегі № 420 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5994 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қаражал қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы";
2) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары";
4) көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы мынадай редакциядағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың төрағасы | З. Оспанова |
Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 134 шешіміне қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Қаражал қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта:
1) жаппай жерлеу орындарынан;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарынан;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарынан;
5) магистральдық теміржол желілерінен, магистральдық құбыржолдарынан, ұлттық электр желісінен, магистральдық байланыс желілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан айқындалады.