Қаражал қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 420 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 тамызда № 5994 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 134 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 134 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы II сессиясының № 20 "Қаражал қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтик құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3841 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 11 маусымда № 25 (804) "Қазыналы өңір" газетінде, 2016 жылғы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, қалалық мәслихаттың хатшысы З. Оспанова

  Қаражал қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 29 шілдесі
№ 420
шешіміне 1 қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 134 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қаражал қаласы аумағында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:

      1) Қаражал қаласы, Абай көшесіндегі орталық қалалық алаң. Шекті толу нормасы - 1000 адам;

      2) Қаражал қаласы, Битабар көшесіндегі "Горняк" стадионы жанындағы қосалқы футбол алаңы. Шекті толу нормасы - 1500 адам;

      3) Жәйрем кенті, Абай көшесіндегі "Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 1000 адам.

      Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.

      Қаражал қаласы аумағында шерулер және демонстрациялардың маршруттары:

      1) Қаражал қаласы, Абай және Горняков көшелерінің қиылысынан бастап "Арай" сауда үйіне дейін;

      2) Жәйрем кенті, Абай және Металлургов көшелерінің қиылысынан бастап "Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны алдыңдағы алаңға дейін.

      2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:

      1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.

      Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

      Ескерту. 1-қосымша 3-тармақпен толықтырылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 134 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Қаражал қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 29 шілдесі
№ 420
шешіміне 2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 134 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қаражал қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарынан;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарынан;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарынан;

      5) магистральдық теміржол желілерінен, магистральдық құбыржолдарынан, ұлттық электр желісінен, магистральдық байланыс желілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады