Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 172 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 желтоқсанда № 172-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Курмансеитов

  Ұлытау аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 30
желтоқсандағы
№ 172
шешіміне 1-қосымша

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      1. Қарыз сомасынан 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасынан 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

  Ұлытау аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 30
желтоқсандағы
№ 172
шешіміне 2-қосымша

Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттарының тізбесі

Атауы

1.

Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар

2.

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар

3.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар

4.

Толық емес отбасылар

5.

Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады

6

Қандастар

7

Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары


Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов

Решение Улытауского районного маслихата области Ұлытау от 30 декабря 2024 года № 172. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Ұлытау 30 декабря 2024 года № 172-20

      В соответствии c пунктом 2 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 417 "Об утверждении правил предоставления жилищных сертификатов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18883), Улытауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер жилищных сертификатов согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить перечень категорий получателей жилищных сертификатов согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель А. Курмансеитов

  Приложение 1 к решению
Улытауского районного
маслихата
от 30 декабря 2024 года
№ 172

Размер жилищных сертификатов

      1. 10% от суммы займа, но не более 1 500 000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной помощи.

      2. 10% от суммы займа, но не более 1 500 000 (одного миллиона пятисот тысяч) тенге в виде социальной поддержки.

  Приложение 2 к решению
Улытауского районного
маслихата
от 30 декабря 2024 года
№ 172

Перечень категорий получателей жилищных сертификатов

Наименование

1.

Лица с инвалидностью первой и второй групп

2

Семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью

3.

Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи

4.

Неполные семьи

5

Дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия. При призыве таких лиц на воинскую службу возраст продлевается на срок прохождения срочной воинской службы

6

Кандасы

7

Востребованные специалисты бюджетных организаций в отрасли здравоохранения, образования, культуры, спорта и иных отраслей на основе анализа статистических наблюдений по статистике труда и занятости, а также с учетом прогноза трудовых ресурсов, формируемых согласно Правилам формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов, утвержденным приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 мая 2023 года № 161 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32546)