Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 мамырда № 32546 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қооданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18445 болып тіркелген);

      "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 190 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28373 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі Т. Дуйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғарғы

      білім министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 20 мамырдағы
№ 161 Бұйрыққа
қосымша

Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) еңбек ресурстарын болжау – бұл еңбек нарығының болашақ жағдайын ғылыми негізделген перспективалық бағалау;

      2) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі – жұмыс күшіне болжамды сұраныс мен ұсынысты айқындауға мүмкіндік беретін қолданылатын әдістер мен тәсілдер кешені;

      3) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) – жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, ізденушілер мен жұмыс берушілерге арналған Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы болып табылатын ақпараттандыру объектісі.

      3. Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін орталық деңгейде уәкілетті мемлекеттік орган, өңірлік деңгейде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастырады.

2-тарау. Орталық деңгейде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру тәртібі

      4. Орталық деңгейде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін уәкілетті мемлекеттік орган қалыптастырады.

      Орталық деңгейде еңбек ресурстарының болжамдарын есептеу үшін ақпараттандыру объектісі қолданылады, оның көмегімен өткен тенденциялардың себеп-салдарлық параметрлері талданады және талдау нәтижелері бойынша еңбек ресурстарының болжамдары қалыптасады және нәтижелерді визуализациялау жүзеге асырылады.

      5. Орталық деңгейде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі:

      1) қысқа мерзімді кезеңге, болжау кезеңі – 1 (бір) жылға;

      2) орта мерзімді кезеңге, болжау кезеңі – болжамды қалыптастыру жылын қоса алғанда 6 (алты) жылға;

      3) ұзақ мерзімді кезеңге (демографиялық болжам), болжау кезеңі – 2050 жылға дейін қалыптастырылады.

      6. Қысқа мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі жыл сайын қалыптастырылады және төрт тоқсан кезеңін қамтиды.

      7. Орта мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі жыл сайынғы негізде қалыптастырылады және ол қалыптастырылған жылды қоса алғанда, 6 жыл кезеңін қамтиды.

      8. Ұзақ мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі (демографиялық болжам) жыл сайын қалыптастырылады және ол қалыптастырылған жылды қоса алғанда, 2050 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.

      9. Орталық деңгейдегі еңбек ресурстарының болжамдары Электрондық еңбек биржасында:

      қысқа мерзімді кезеңге – болжам қалыптастырылған тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей;

      орта мерзімді кезеңге – есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей;

      ұзақ мерзімді кезеңге – есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей орналастырылуға тиіс.

      10. Қысқа мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі Электрондық еңбек биржасында орналастырылатын немесе мансап орталығына жазбаша түрде жолданатын жұмыс берушілердің тиісті ақпараты негізінде, кейін талдау және өңдеумен мынадай теңдеудің көмегімен қалыптастырылады:



      мұнда, Xt – t кезеңіндегі бос жұмыс орындарының болжамды саны;

      c, at, bi – модель параметрлері;

      p, d, q – авторегрессиялық бөлігінің тәртіптері, айырманың алынуы, жылжымалы орта мәннің бөлігі;

      Dd– d тәртібінің уақыттық қатар айырмасының операторы (бірінші тәртіптің айырмасын d рет бірізді алу – алдымен уақыттық қатардан, кейіннен бірінші тәртіптен алынған айырмалардан, кейіннен екінші тәртіптен және т.б.);


– ақ шуыл.

      11. Жұмыс күшінің болжамды ұсынысын айқындау бөлігінде орта мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі мынадай ақпарат негізінде қалыптастырылады:

      1) халықтың, оның ішінде жұмыс күшіне кіретін халықтың саны;

      2) халықтың туу көрсеткіші;

      3) негізгі себептер бойынша халықтың өлім-жітімі;

      4) бағыттар бөлінісінде халықтың көші-қоны;

      5) өңір-экономика саласы бөлінісінде жұмыспен қамтылған халық.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген деректер "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында және "электрондық үкімет" веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастырылады.

      13. Жұмыс күшінің болжамды сұранысы мен ұсынысын айқындау бөлігінде орта мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі, оның ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген көрсеткіштер ескеріле отырып қалыптастырылады.

      14. Орта мерзімді кезеңдегі жұмыс күшіне болжамды сұранысты айқындау үшін жұмыс күшіне сұраныс экономика салалары бойынша жұмыспен қамту факторларына сәйкес қалыптастырылатын теңдеу пайдаланылады:



      мұнда

– x жылында r өңірінде және i экономика саласында жұмыс күшіне сұранысты болжамды бағалау;

– r өңірінің және i экономика саласы үшін сұраныс теңдігінің базалық коэфиценті;

– i экономика саласы және r өңірі үшін факторлық коэффициенті;

– x жылында r өңіріндегі i экономика саласының жұмыспен қамту факторларының болжамды мәнінің векторы.

коэффициенттерін қайта есептеу жыл сайын жүзеге асырылады, бұл ретте, қайта бағалау нәтижелері бойынша негізгі драйверлердің жиынтығы

олардың жаңа кезеңдер үшін қалыптасқан халықты жұмыспен қамтудың нақты көрсеткіштерімен байланысының орнықтылығына сәйкес өзгереді.

      15. Ұзақ мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі (демографиялық болжам) осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген ақпаратты пайдалана отырып қалыптастырылады.

      Халықтың, туылғандардың, қайтыс болғандардың, жұмыс күшінің болжамды саны сияқты болжамды демографиялық көрсеткіштер (демографиялық болжам) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің ұзақ мерзімді кезеңге нәтижесі болып табылады.

      16. Орталық деңгейде ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тану қажеттілігін айқындау бойынша салалық/секторлық зерттеулер жүргізіледі.

      Ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тану қажеттілігін айқындау жөніндегі салалық/секторлық зерттеулердің негізгі мақсаты кәсіптер мен біліктіліктер қажеттілігіне сапалы талдау жүргізу, саланың болашақ дамуын және жаңа кәсіптер тізбесін айқындау болып табылады.

      Ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тану қажеттілігін айқындау бойынша зерттеу нәтижелері:

      еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін орта және ұзақ мерзімді (демографиялық болжам) кезеңге қалыптастыру;

      орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарлауды жүргізу кезінде қажет болған жағдайда пайдаланылады.

3-тарау. Өңірлік деңгейде еңбек ресурстарының болжамдарын қалыптастыру тәртібі

      17. Өңірлік деңгейде:

      1) жұмыс берушілердің сауалнамасының нәтижелері негізінде кадрларға қажеттіліктің болжамы – жыл сайын 3 (үш) жылға дейінгі кезеңге;

      2) орта мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарының болжамы – болжамды қалыптастыру жылын қоса алғанда 6 (алты) жылға;

      3) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу үшін ұсыныстар – жыл сайын 1 сәуірге дейін қалыптастырылады.

      18. Жұмыс берушілермен сауалнаманы республикалық маңызы бар қалалар, астана, өңірлер мен аудандар бөлінісінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жүзеге асырады.

      19. Сауалнамаға жататын жұмыс берушілердің тізбесі статистикалық бизнес-тіркелімнің деректері негізінде қалыптастырылады.

      Репрезентативтілікті қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган экономика саласында жұмыс істейтін белсенді кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлердің жалпы санының 5 % бойынша әрбір экономика саласы үшін (жұмыс берушілердің тізбесін жасау алдындағы үш айдан бір ай үшін міндетті зейнетақы төлемдерін төлеу өлшемшарттары бойынша) іріктеуді (орналасқан жерін және кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір санатын ескере отырып) есептеп шығарады.

      20. Кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлер ағымдағы және кейінгі жылдары кәсіптер бойынша кадрларға сандық қажеттілік тұрғысынан сұралады.

      21. Сауалнама Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрастыратын және Электрондық еңбек биржасында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылатын сауалнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Жұмыс берушілермен жүргізілген сауалнама нәтижелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жыл сайын 25 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға, уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.

      23. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын талдайды, болжайды.

      Жыл сайын 30 наурызға дейін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың болжамын ұсынады.

      24. Уәкілетті мемлекеттік орган орта мерзімді кезеңге кадрларға қажеттілік туралы жиынтық ақпаратты қалыптастырады.

      25. Уәкілетті мемлекеттік орган 1 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде орта мерзімді кезеңге кадрларға қажеттілік туралы нәтижелерді білім, ғылым және жоғары білім беру салаларындағы уәкілетті органдарға жібереді.

4-тарау. Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін пайдалану тәртібі

      26. Уәкілетті мемлекеттік орган орталық деңгейде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін Қазақстан Республикасының Үкіметін еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету және халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, сондай-ақ көші-қон салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін пайдаланады.

      27. Орталық деңгейде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін мемлекеттік органдар:

      1) жұмыссыздарға кәсіптік оқытуды ұйымдастыру;

      2) халықтың қалың тобын еңбек нарығындағы ахуал, оның даму перспективалары және сұранысқа ие кәсіптер туралы хабардар ету;

      3) техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;

      4) республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын орталық мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу үшін пайдаланады.

      28. Өңірлік деңгейде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін (сауалнама нәтижелері негізінде кадрларға қажеттілік болжамы) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:

      1) техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу;

      3) бюджеттік, жастар және көші-қон саясатын, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саясатын әзірлеу және іске асыру үшін пайдаланады.

      29. Орталық және өңірлік деңгейлердегі еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелері 1 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде Электрондық еңбек биржасында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

  Еңбек ресурстарын болжаудың
ұлттық жүйесін қалыптастыру
және оның нәтижелерін
пайдалану қағидаларына
1-қосымша

Орта мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарының болжамын есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі (жұмыс күшіне сұраныс бөлігінде)

Р / с №

Көрсеткіштер

Ағымдағы жыл (бағалау)

Болжалды жылдар

 
20___
(1-ші болжамды жыл)

 
20___
(2-ші болжамды жыл)

 
20___
(3-ші болжамды жыл)

 
20___
(4-ші болжамды жыл)

 
20___
(5-ші болжамды жыл)

1

2

4

5

6

7

8

9

Дамудың жалпылама көрсеткіштері

1

ЖІӨ НКИ, өткен жылға қарағанда %







ЖӨӨ НКИ, өткен жылға қарағанда %







2

Қала халқының орташа жылдық саны, млн. адам







3

Халықтың нақты ақшалай кіріс индексі, өткен жылға қарағанда %







Экономика салаларының ЖҚҚ НКИ, өткен жылға қарағанда %

4

Ауыл, орман және балық шаруашылығы







5

Өңдеу өнеркәсібі







6

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу







7

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау







8

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет







9

Құрылыс







10

Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу







11

Көлік және жинақтау







12

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету







13

Ақпарат және байланыс







14

Қаржы және сақтандыру қызметі







15

Жылжымайтын мүлікпен операциялар







16

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет







17

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет







18

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру







19

Білім беру







20

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету







21

Өнер, ойын-сауық және демалыс







22

Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну







Салалар бойынша негізгі капиталға инвестициялардың НКИ, өткен жылға қарағанда %

23

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы







24

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу







Ауыл, орман және балық шаруашылығы

25

Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемі индексі, өткен жылға қарағанда %







26

Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %







27

Дәнді дақылдардың (күрішті қоса алғанда) және бұршақты дақылдардың жалпы жиыны (өңдеуден кейінгі салмағында), млн. тонна







Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

28

Көмір мен лигнит (көмір концентратынан басқа) өндіру көлемі, млн. тонна







29

Газ конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру көлемі, млн. тонна







Өңдеу өнеркәсібі

30

Мұнайдың қайта өңделген өнімдерінің НКИ, өткен жылға қарағанда %







31

Қара металлургия өнімінің НКИ, өткен жылға қарағанда %







32

Негізгі асыл және түрлі түсті металдар өндірісінің НКИ







Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

33

Электр энергиясын өндіру көлемі, млрд. кВт * сағ







Көлік және жинақтау

34

Көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы, млрд. ткм







35

Темір жол көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм







36

Автомобиль көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм







Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

37

ҒЗТКЖ-ға арналған ішкі шығындар, млрд. теңге







Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

38

Қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне арналған бюджет шығындары, млрд. теңге







Білім беру

39

Білім беруге бюджеттің шығындары, млрд. теңге







Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

40

Халықтың қан айналымы жүйесінің ауруларымен жалпы сырқаттануы, абсолюттік сандар







41

Халықтың ас қорыту органдарының ауруларымен жалпы сырқаттануы, абсолюттік сандар







      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖІӨ – Жалпы ішкі өнім;

      ЖҚҚ – Жалпы қосылған құн;

      ЖӨӨ – Жалпы өңірлік өнім;

      НКИ – Нақты көлем индексі;

      ҒЗТКЖ – Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

      ткм – тонно-километр;

      кВт*сағ – килловатт-сағат.

  Еңбек ресурстарын болжаудың
  ұлттық жүйесін қалыптастыру
және оның нәтижелерін
пайдалану қағидаларына
2-қосымша

Жұмыс күшінің болжамды сұранысы мен ұсынысы

Р / с №

ҰҚС-2017 бойынша кәсіп тобының коды (5 таңбалы)

ҰҚС-2017 бойынша кәсіптер тобының атауы

ЭҚЖСбойынша экономика секциясы (ҚР ҰС 03-2019)

Жалдамалы еңбекке жалпы сұраныс

оның ішінде жылдар бойынша

Ағымдағы жыл

1-ші болжамды жыл

2-ші болжамды жыл

3-ші болжамды жыл

4-ші болжамды жыл

5-ші болжамды жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1











2











3













Кәсіп топтары бойынша жиыны

ЭҚЖС секциялары бойынша жиыны








      Кестенің жалғасы

оның ішінде жалдамалы еңбекке сұранысты қалыптастыру көздері бойынша

жаңа сұраныс

ауыстыру бойынша сұраныс

Ағымдағы жыл

1-ші болжамды жыл

2-ші болжамды жыл

3-ші болжамды жыл

4-ші болжамды жыл

5-ші болжамды жыл

Ағымдағы жыл

1-ші болжамды жыл

2-ші болжамды жыл

3-ші болжамды жыл

4-ші болжамды жыл

5-ші болжамды жыл

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

















































      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҰҚC – Ұлттық қызметтер сыныптауышы;

      ЭҚЖC – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы;

      ҚР ҰC – Қазақстан Республикасының Ұлттық сыныптауышы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады