Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облысының жергілікті бюджетінің есебінен қаржыландырылатын, Талдықорған қаласында орналасқан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен тегін жол жүру құқығы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін (келісім бойынша).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Г. Тойлыбаева |