Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру құқығын беру туралы

Жаңа

Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 20-126 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 18 қыркүйекте № 242-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жетісу облысының жергілікті бюджетінің есебінен қаржыландырылатын, Талдықорған қаласында орналасқан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен тегін жол жүру құқығы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін (келісім бойынша).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады