Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 146 "Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 66189 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | А. Әділ |