Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы N 146 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 20 маусымда N 2-3-115 тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 83 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Текелі қаласы әкімдігінің 02.04.2024 № 83 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды (бұдан әрі – мүгедек балалар) үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу (бұдан әрі – үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек) әр мүгедек балаға тоқсанына айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.

      2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек туған, асырап алған, сонымен бірге қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алған мүгедек балалардың және 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға отбасының табыстарына қарамастан, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның берген қорытындысы негізінде мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап жазғы каникул күндерін есептемегенде бір оқу жылына өтініш білдірген тоқсаннан бастап тағайындалады және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының мерзімінің бітуіне дейін төленеді. Әлеуметтік көмек бірінші рет тағайындалған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап төленеді.

      3. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

      Үйде оқытуға көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның басшысымен арызды және барлық керекті құжаттарды қабылдаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылданады және тоқсан сайын төленеді.

      4. "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер арқылы өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда жәрдемақының тағайындалып төленуін қамтамасыз етсін:

      1) өтініш;

      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігінің көшірмесі;

      3) мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;

      4) мүгедек баланың тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (тоқсан сайын);

      5) медициналық – әлеуметтік сараптаманың мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;

      6)облыстық психологиялық–медициналық–педагогикалық консультациясының қорытындысы.

      7) үйде оқытуды растайтын оқу орнынан берілген анықтама (тоқсан сайын).

      Құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

К. Айтжанов

КЕЛІСІЛДІ:


"Текелі қаласының жұмыспен


қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің бастығы

Ерлан Женисбайұлы Әбдалиев

31 мамыр 2012 жыл


"Текелі қаласының білім


бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

Зухра Қантайқызы Игембаева


      31 мамыр 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады