Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді аудандық мәслихатының "Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 146234 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 3 қосымшасындағы "400" саны "800" санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы | К. Сатанов |