Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 "Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 наурыздағы № 21-66 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 14 наурызда № 174-19 болып тіркелді

      Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ескелді аудандық мәслихатының "Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 146234 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешімнің 3 қосымшасындағы "400" саны "800" санымен ауыстырылсын.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы К. Сатанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады