Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ескелді ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескелді ауданының әкімі | Е. Ахметов |
2024 жылғы 23 сәуірдегі № 142 қаулысына қосымша |
Ескелді ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 наурыздағы № 57 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 64303 болып тіркелген);
2. Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 наурыздағы № 58 "Жастар практикасын ұйымдастыру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 64304 болып тіркелген);
3. Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 17 "Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 210 "Ескелді ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 71201 болып тіркелген);
4. Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 258 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 92939 болып тіркелген).