Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі N 210 "Ескелді ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы N 17 қаулысы, Алматы облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 22 ақпанда N 2305 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 142 қаулысымен

      Ескерту.  Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 23.04.2024 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" N 964 қаулысына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі N 210 "Ескелді ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 20 шілдеде N 2-9-140 тіркелген, аудандық "Жетісу шұғыласы" газетінде 2012 жылғы 10 тамыздағы 32 нөмірімен жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Аталған қаулының атауы келесі редакцияда баяндалсын:

      "Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы".

      2) Аталған қаулының 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 процент мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін".

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 01.08.2013 N 180 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3) Аталған қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      2. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Ескелді аудандық жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін".

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қаирғали Айтжанұлы Әлібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Қ. Манапов

КЕЛІСІЛДІ:


"Ескелді аудандық жұмыспен


қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің


бастығы

Есболған Есенбаевич Тұрсынбаев

"Ескелді аудандық жұмыспен


қамту орталығы" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

Бауыржан Шакарбекович Смаилов


      28 қаңтар 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады