Қазақстан Республикасының"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184104 болып тіркелген), Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелеріболу құнынан 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы | К. Сатанов |