Ескелді ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 27-85 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 27 мамырда № 215-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184104 болып тіркелген), Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ескелді ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелеріболу құнынан 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы К. Сатанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады