Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша беру туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |
Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 210 шешіміне қосымша |
|
Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы №34 шешіміне 1 қосымша |
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар
1. Амбулаториялық емдеу кезінде диагноздармен (рецепт бойынша) қосымша тегін берілетін дәрілік заттар:
1) "Канакинумаб" дәрілік заты - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозында ;
2) "Тоцилизумаб" дәрілік заты - "Ювенильді склеродермия" диагнозында;
3) "Адалимумаб" дәрілік заты - "Ревматоидты артрит" диагнозында;
4) "Метилпреднизолон" дәрілік заттары - "Жүйелік склеродерма" диагнозында;
5) "Азатиоприн" дәрілік заты - "Бехчет ауруы" диагнозында;
6) "Белимумаб" дәрілік заты - "Жүйелі қызыл жегі" диагнозында;
7) дәрілік заты - "Блекфан-Даймонд анемиясы" диагнозында;
8) дәрілік зат - "Өкпе артериялық гипертензиясы" диагнозында;
9) дәрілік зат- "Эпилепсия" диагнозында;
10) дәрілік зат - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозы кезінде;
11) дәрілік зат - "Бехтерев ауруы" диагнозында;
12) дәрілік заты "Мацитентан" - "Өкпе артериялық гипертензиясы" диагнозында;
13) дәрілік заты "Кладрибин" - "Шашыраңқы склероз" диагнозында;
14) дәрілік заттары "Секукинумаб", Гуселькумаб - "Псориаз" диагнозында;
15) дәрілік заты "Этеплирсен" - "Мышечная дистрофия Дюшена" диагнозында;
16) дәрілік заты "Секукинумаб" - "Псориаздық артрит (псориаздық артропатия)" диагнозында;
17) дәрілік заты "Ритуксимаб" - "Оптикалық спектрдің невромиелит аурулары" диагнозында;
18) дәрілік заты "Омализумаб" - "Бронхиалды астма" диагнозында.
2. Амбулаториялық емдеу кезінде медициналық бұйымдар диагнозбен тегін: медициналық бұйымдар (рецепт бойынша) "Буллезді эпидермолиз" диагнозы бар азаматтарға.