Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихатының кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |
Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 216 шешіміне қосымша |
Қарағанды облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі Х сессиясының №222 "Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4419 болып тіркелген).
2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы XV сессиясының №309 "Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі X сессиясының № 222 "Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4780 болып тіркелген).
3. Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 21 маусымдағы №205 "Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі X сессиясының № 222 "Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары және Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы" шешімі.