Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі X сессияның № 222 "Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы XV сессиясының № 309 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 мамырда № 4780 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 216 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.09.2024 № 216 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облыстық мәслихатының X сессияның 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №222 "Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4419 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қазандағы № 120 (22427) "Орталық Қазахстан", 2017 жылғы 27 қазандағы № 121 (22234) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, 2017 жылғы 07 қарашада электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларында:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) уәкілетті орган – жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлерi бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Жасыл екпелерді күтіп - ұстау мыналарды қамтиды:

      1) жасыл екпелерді отырғызу;

      2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;

      3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;

      4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару;

      5) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру;

      6) тыңайтқыштар салу;

      7) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету іс-шаралар вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      17. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша қызмет көрсетуді, сондай-ақ жалпыға ортақ жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдар жүзеге асырады.";

      2) көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды облысының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлерi бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау қызмет көрсетудің мынадай түрлерін қамтиды:

      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      3) сыпыру;

      4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес болуы тиіс.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (Н.И. Иманов).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы М. Абайділдинов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. Өтешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады