Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 518 "Саран қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды айқындау, оларды пайдалану тәртібі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6006 тіркелген) келесі өзгеріс:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қалалық мәслихатының төрағасы | О. Баймаганбетов |
Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 104 шешіміне қосымша |
Пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Саран қаласының келесі объектілерінде 800 метр қашықтықта айқындалады:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.