Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 518 "Саран қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды айқындау, оларды пайдалану тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 104 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 сәуірде № 6577-09 болып тіркелді

      Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 518 "Саран қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды айқындау, оларды пайдалану тәртібі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6006 тіркелген) келесі өзгеріс:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймаганбетов

  Саран қалалық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 104
шешіміне қосымша

Пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Саран қаласының келесі объектілерінде 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады