Саран қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды айқындау, оларды пайдалану тәртібі туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 518 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 тамызда № 6006 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық – техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы 3 сессиясының "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" № 40 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміде № 3883 болып тіркелген, "Саран газеті" газетінде 2016 жылғы 01 шілдедегі № 26, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 шілдеде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде 2016 жылғы 22 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімнің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа және Саран қалалық мәслихатының заңдылық, азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Тажибаева
      Мәслихат хатшысы О. Баймаганбетов

  Саран қалалық
  мәслихатының
  2020 жылғы 30 шілдесі
  № 518
  Шешімге 1-қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Саран қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары айқындалсын:

      1) Саран қаласының Жамбыл көшесі № 61 - № 63 үйлер бойынша стадион алдындағы алаң. Шекті толу нормасы 1500 адам;

      2) Ленин көшесі № 1- № 2 үйлер ауданындағы алаң. Шекті толу нормасы 250 адам;

      3) Кржижановский көшесі, 16а, "Ақтас кентінің мәдениет-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 1500 адам.

      Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізу үшін арналған арнайы орындар жарықтандырумен қамтамасыз етілуі тиіс.

      Саран қаласында шерулер мен демонстрациялар маршруттары:

      Шахтерская көшесі Жеңіс көшесімен қиылыстан Стадион көшесімен қиылысқа дейін.

      2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:

      1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.

  Саран қалалық
  мәслихатының
  2020 жылғы 30 шілдесі
  № 518
  Шешімге 2-қосымша

Пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Саран қаласының келесі объектілерінде 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады