"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 30/03 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3397 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі | Е. Баулыков |