Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 10/103 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23601 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай аудандық мәслихатының төрағасы | Д. Сакенов |
Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № 19/184 шешіміне қосымша |
|
Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 10/103 шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№ | Атауы |
1 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар. |
2 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар. |
3 | Толық емес отбасылар. |