Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 10/103 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № 19/184 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 мамырда № 6600-09 болып тіркелді

      Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 10/103 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23601 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай аудандық мәслихатының төрағасы Д. Сакенов

  Абай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 16 мамырдағы
№ 19/184
шешіміне қосымша
  Абай аудандық мәслихатының
2021 жылғы 8 шілдедегі
№ 10/103
шешіміне 2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы

1

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

3

Толық емес отбасылар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады