Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 желтоқсаңдағы №4 "Бұқар жырау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21936 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Әли |
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 6 шешіміне қосымша |
|
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 4 шешіміне 2 қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Бұқар жырау ауданыныңкелесі нысандарында 800 метр қашықтықта:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.