Бұқар жырау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 21936 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2016 жылғы 07 сәуірдегі № 4 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Хомутова
      Мәслихат хатшысы А. Әли

  Бұқар жырау аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 20
желтоқсандағы
№ 4
Шешімге 1-қосымша

Бұқар жырау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Бұқар жырау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

      1) Ботақара кентінің аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Қазыбек би көшесі, 52. Шекті толу нормасы-500 адам;

      2) Ботақара кентінің Бұқар жырау, 56А көшесіндегі алаң. Шекті толу нормасы-150 адам;

      3) Ғабиден Мұстафин кентінің Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Мир көшесі, 19. Шекті толу нормасы-150 адам;

      4) Бұқар жырау көшесімен – Төреғожин көшесінің қиылысынан Абылай хан көшесінің қиылысына дейін, Абылай хан көшесімен-аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейін.

      Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілген.

      2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:

      1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ, өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.

  Бұқар жырау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 4
шешіміне 2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 07.02.2024 № 6 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Бұқар жырау ауданыныңкелесі нысандарында 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады