Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне өзгерісті енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 6 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 ақпанда № 6555-09 болып тіркелді

      Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 желтоқсаңдағы №4 "Бұқар жырау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21936 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Әли

  Бұқар жырау аудандық мәслихатының
2024 жылғы 7 ақпандағы
№ 6
шешіміне қосымша
  Бұқар жырау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 4
шешіміне 2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Бұқар жырау ауданыныңкелесі нысандарында 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады