Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 44/408 "Шет ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 11/112 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 сәуірде № 6589-09 болып тіркелді

      Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 44/408 "Шет ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6143 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет аудандық мәслихатының төрағасы С. Социал

  Шет аудандық мәслихатының
2024 жылғы 5 сәуірдегі
№ 11/112
шешіміне қосымша
  Шет аудандық мәслихатының
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 44/408 шешіміне
2-қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Шет ауданының келесі нысандарында кемінде 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

О внесении изменения в решение Шетского районного маслихата от 29 декабря 2020 года № 44/408 "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядке использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормах их предельной заполняемости, а также требованиях к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Шетского района"

Решение Шетского районного маслихата Карагандинской области от 5 апреля 2024 года № 11/112. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 10 апреля 2024 года № 6589-09

      Шетский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шетского районного маслихата от 29 декабря 2020 года № 44/408 "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядке использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормах их предельной заполняемости, а также требованиях к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Шетского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6143) следующее изменение:

      приложение 2 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Шетского районного маслихата С. Социал

  Приложение к решению
Шетского районного маслихата
от 5 апреля 2024 года
№ 11/112
  Приложение 2 к решению
Шетского районного маслихата
от 29 декабря 2020 года
№ 44/408

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования определяются на расстоянии не менее 800 метров на следующих объектах в Шетском районе:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.