Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 "Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 202 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 қазанда № 4733-12 болып тіркелді

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4002 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру Қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 2-тармағының 17-10) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың тәртiбiн айқындайды.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Мамандандырылған ұйым Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мен Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына электронды құжат айналымы, пошта байланысы арқылы не басқармалардың кеңсесі арқылы қолма-қол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.

      Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне электрондық құжат айналымы арқылы Үлгілік қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.";

      33-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "33-1. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз берілген кезде бюджет қаражатының 70 (жетпіс) проценті ауылшартауар өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға жіберіледі.";

      35-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "35. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия айқындайды.

      Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мынадай бірыңғай талаптар (өлшемшарттар) белгіленеді:

      1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;

      3) екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

      4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;

      5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;

      6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;

      7) осы Қағидалардың 37-тармағына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы.";

      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

      "38-1. Қарыз шарттарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерінің мамандандырылған ұйыммен келісу бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу графигін қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен толық көлемде өткізу; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу фактісін растайтын құжаттарды ұсыну жөніндегі міндеттемелері көзделеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттемелерді орындау бөлігінде қарыз шарты талаптарының орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы қарыз шартын елеулі түрде бұзу деп танылады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескертпе: аббревиатуралардың ажыратып жазылуы:

      "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" - Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" - Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области"

Постановление акимата Мангистауской области от 1 октября 2024 года № 202. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 4 октября 2024 года № 4733-12

      Акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2019 года № 213 "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4002) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Мангистауской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 17-10) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" (далее - Закон), подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и определяют порядок реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.";

      пункт 13 изложить в новой редакции:

      "13. Специализированная организация представляет в Управление сельского хозяйства Мангистауской области и Управление предпринимательства и торговли Мангистауской области информацию о ходе реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по форме согласно приложению к Типовым правилам реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 280 (далее – Типовые правила) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19123), посредством электронного документооборота, почтовой связи, либо нарочно через канцелярию управлений.

      Управление предпринимательства и торговли Мангистауской области и Управление сельского хозяйства Мангистауской области представляют в министерства сельского хозяйства и торговли и интеграции Республики Казахстан информацию о ходе реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по форме согласно приложению к Типовым правилам посредством электронного документооборота.";

      пункт 33-1 изложить в новой редакции:

      "33-1. При предоставлении займа субъектам предпринимательства 70 (семьдесят) процентов бюджетных средств направляются на финансирование сельхозтоваропроизводителей и перерабатывающих предприятий.";

      пункт 35 изложить в новой редакции:

      "35. Субъект предпринимательства для выдачи займа определяется Комиссией.

      К субъектам предпринимательства для предоставления займа в целях стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары устанавливаются следующие единые требования (критерии):

      1) наличие государственной регистрации в качестве юридического лица или индивидуального предпринимателя;

      2) отсутствие задолженности по налогам и другим обязательным платежам в бюджет и обязательным пенсионным взносам в единый накопительный пенсионный фонд, за исключением случаев, когда срок уплаты отсрочен в соответствии с законодательством Республики Казахстан, на дату рассмотрения полученных документов от субъекта предпринимательства;

      3) отсутствие просроченной задолженности по кредитам (займам), предоставленным банками второго уровня, организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций;

      4) наличие на праве собственности или ином законном основании (аренда/безвозмездное пользование/доверительное управление) инфраструктурного торгово-логистического комплекса, состоящего из складских помещений и помещений со специальным оборудованием, предназначенных для соответствующего хранения продовольственных товаров и выполнения закупочных, подготовительных, распределительных операций с продовольственными товарами;

      5) отсутствие в реестре недобросовестных участников государственных закупок;

      6) отсутствие неисполненных обязательств перед специализированной организацией, а также неисполненных обязательств по исполнительным документам, ограничений и обременений на имущество субъекта предпринимательства;

      7) наличие обеспечения исполнения обязательств в соответствии с пунктом 37 настоящих Правил.";

      дополнить пунктом 38-1 следующего содержания:

      "38-1. В договорах займа в целях стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары предусматриваются обязательства субъектов предпринимательства по формированию графика реализации социально значимых продовольственных товаров по согласованию со специализированной организацией, реализации социально значимых продовольственных товаров по фиксированной цене в полном объеме; предоставлению документов, подтверждающих факт реализации социально значимых продовольственных товаров.

      Неисполнение или ненадлежащее исполнение условий договора займа в части исполнения обязательств, указанных в части первой настоящего пункта, признается существенным нарушением договора займа.".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Мангистауской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      "Управление сельского хозяйства Мангистауской области" – государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Мангистауской области";

      "Управление предпринимательства и торговли Мангистауской области" – государственное учреждение "Управление предпринимательства и торговли Мангистауской области".

      Аким Мангистауской области Н. Қилыбай