"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Маңғыстау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 23 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 26868 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |