Маңғыстау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 23 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 ақпанда № 26868 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 31 қазандағы 2024 жылғы № 213 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 31.10.2024 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2022 жылғы 17 ақпандағы
  № 23 қаулысымен бекітілген

Маңғыстау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Маңғыстау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Маңғыстау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;

      Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

      V – газетте орналастырылатын шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, мұнда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрстетілетін қызмет құны;

      Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

      V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.

      5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевизияда көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевизияда көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде көрсетілетін қызметте телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Маңғыстау облысының аумағындағы бұқаралық
  ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық
  саясатты жүргізу үшін сатып алынатын
  көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың
  әдістемесіне
  қосымша

Маңғыстау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

2022 жылға базалық баға
(теңге)

2023 жылға базалық баға
(теңге)

2024 жылға және алдағы жылдар базалық баға
(теңге)

1

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

770

808

848

2

Маңғыстау облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

241

253

266

3

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

70

73

77

4

Маңғыстау облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

40

42

44

5

Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi)

символ

102

107

112

6

Өңірлік маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi)

cимвол

11

12

12

7

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле -, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжетті өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

553 958

581 656

610 739

8

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле -, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық-талдамалық бағдарламаны өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

64 000

64 000

64 000

9

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле -, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнероликті өндіру және орналастыру) (Btv)

секунд

1 016

1 016

1 016

10

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Маңғыстау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжетті өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

50 000

52 500

55 125

11

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Маңғыстау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық-талдамалық бағдарламаны өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

15 000

15 000

15 000

12

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Маңғыстау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнероликті өндіру және орналастыру) (Btv)

секунд

2 500

2 500

2 500

13

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтау қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжетті өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

37 500

39 375

41 343

14

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтау қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық-талдамалық бағдарламаны өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

10 000

10 000

10 000

15

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтау қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнероликті өндіру және орналастыру) (Btv)

секунд

3 334

3 334

3 334

16

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жаңаөзен қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжетті өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

16 000

16 800

17 640

17

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жаңаөзен қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнероликті өндіру және орналастыру) (Btv)

секунд

834

834

834

18

Ақпараттық бағдарламаларды өндіру және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ақпарат тарататын радиоарнада орналастыру қызметі (Br)

минут

17 920

18 816

19 756

19

Ақпараттық аудиороликтерді өндіру және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ақпарат тарататын радиоарнада орналастыру қызметі (Br)

секунд

298

313

324

20

Ақпараттық бағдарламаларды өндіру және оларды Маңғыстау облысының аумағында ақпарат тарататын радиоарнада орналастыру қызметі (Br)

минут

2 750

2 887

3 031

21

Ақпараттық аудиороликтерді өндіру және оларды Маңғыстау облысының аумағында ақпарат тарататын радиоарнада орналастыру қызметі (Br)

секунд

46

48

50


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады