Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы" Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі №748 және Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурыздағы №30/349 бірлескен қаулысы және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4186 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) адамдардың жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы";
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік, жеңілдікке құқығын растайтын құжаты болған кезде (айына алпыс реттен аспайтын), келесідей адамдардың жекелеген санаттарына белгіленсін:
төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға;
Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматтарына;
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан тұлғаларға.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі | А. Байпаков |
Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы | С. Закенов |