Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" Алтынсарин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 тамыздағы № 322 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9434 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында "Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар";
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасының 18 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды;"
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасының 20 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"20. Мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;
3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;
5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Мусапирова |