"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;
2) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Мәслихаттың "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 16 шешімінің (2016 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6344 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Уразбаева |
Мәслихат хатшысы | Б. Есмуханов |
Мәслихаттың 2020 жылғы 27 тамыздағы № 322 шешіміне 1- қосымша |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 05.06.2024 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар |
1 | Обаған ауылы Пришкольный көшесіндегі Тәуелсіздік саябағы |
Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін арнайы маршрут | |
1 | Обаған ауылындағы Ленин көшесінен Пришкольный көшесіне дейін |
Мәслихаттың 2020 жылғы 27 тамыздағы № 322 шешіміне 2-қосымша |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормасы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
1. Жалпы ережелер
1. Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормасы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары (бұдан әрі – тәртіп) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізу құқығын іске асыру мақсатында "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Осы тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бейбіт жиналыс – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара;
2) бейбіт жиналысқа қатысушы – бейбіт жиналысқа өз еркімен қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
3) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын (бұдан әрі - арнайы орын) – ауданның жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты;
4) бейбіт жиналысты ұйымдастырушы – бейбіт жиналыс өткізуге бастамашы болатын, оны өткізуді ұйымдастыратын және бейбіт жиналыс барысы мен оған қатысушыларға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы немесе кәмелетке толған азаматтарының тобы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға;
5) жергілікті атқарушы орган – ауданның әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
6) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
2. Арнайы орындарды пайдалану тәртібі
3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу күш қолданылмайтын сипат, заңдылық, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қатысу еріктілігі, бейбіт жиналыстар өткізу пайдасына презумпция, тараптар жауаптылығы қағидаттарына негізделеді.
4. Бейбіт жиналыстар арнайы орындарды өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды өзге орындарда өткізуге жол берілмейді.
5. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
6. Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде ұйымдастырушылар мен қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауы қажет. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулықты сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыстарға қатысушылармен түсіндіру жұмысын жүргізуі қажет.
7. Құқық қорғау органдары бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған барлық шараларды қабылдауы қажет.
8. Бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға медициналық және өзге де қажетті көмек беру құзыреті шегінде жәрдем көрсетуі қажет.
9. Бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы мен қатысушылар Заңның 5, 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.
10. Журналистерге (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне) бейбіт жиналыстар өткізілу кезінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы мен қатысушылардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметкерлерінің заңды әрекеттеріне және көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуі, мүліктің сақталуы үшін бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауына жол берілмейді.
11. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
12. Арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді. Пикеттеу ұзақтығы, арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
13. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
14. Заңның 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы органның талап етуі бойынша бейбіт жиналыстар тоқтатылады және (немесе) тоқтатыла тұрады.
3. Арнайы орындардың шекті толу нормалары
15. Арнайы орынның мынадай шекті толу нормасы айқындалсын:
Обаған ауылы Пришкольный көшесіндегі Тәуелсіздік саябағы – жиналысқа, митингке қатысатын адамдардың шекті саны 40 адамнан аспайды;
16. Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін арнайы маршруттың шекті толу нормасы айқындалсын, 40 адамнан аспайды.
17. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 05.06.2024 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
19. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
5. Пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
20. Мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;
3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;
5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 05.06.2024 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).