Алтынсарин ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 118 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 6 қаңтарда № 10351-10 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алтынсарин ауданындағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Мусапирова

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2025 год по Алтынсаринскому району

Решение маслихата Алтынсаринского района Костанайской области от 30 декабря 2024 года № 118. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 6 января 2025 года № 10351-10

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказа Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33110), Алтынсаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев на 2025 год в местах размещения туристов в размере 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания, за исключением хостелов, гостевых домов, арендного жилья в Алтынсаринском районе.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата С. Мусапирова