"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтынсарин ауданындағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Мусапирова |