"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Амангелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Амангелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді аудандық мәслихатының төрағасы | К. Кеделбаев |
Амангелді аудандық мәслихатының | |
2024 жылғы 15 мамырдағы | |
№ 89 шешіміне | |
1-қосымша |
Амангелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Амангелді ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
5. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Амангелді аудандық мәслихатының | |
2024 жылғы 15 мамырдағы | |
№ 89 шешіміне | |
2-қосымша |
Амангелді аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 13 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6377 болып тіркелген);
2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 13 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 29 мамырдағы № 299 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген);
3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 13 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 22 мамырдағы № 384 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9221 болып тіркелген);
4. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 13 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 4 тамыздағы № 128 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29026 болып тіркелген).