Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 15.05.2024 № 89 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6377 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Белгіленген нормалар шегіндегі аз қамтылған отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстың бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді аудандық мәслихатының хатшысы | К. Кеделбаев |