Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қарашадағы "Қостанай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" № 732 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10308-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 4 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.".
2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қостанай ауданының әкімі | О. НУРГАЛИЕВ |