Қостанай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қарашадағы "Қостанай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" № 732 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 832 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 10344-10 болып тіркелді

      Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қарашадағы "Қостанай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" № 732 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10308-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 4 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.".

      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қостанай ауданының әкімі О. НУРГАЛИЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады