Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі "Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 197/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28834 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
су ресурстары және ирригация
министрлігі су шаруашылығы
комитетінің су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің Павлодар
облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Павлодар облысы
бойынша экология департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесі
"КЕЛІСІЛДІ"
"Павлодар облысының жер
қатынастары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 145/2 қаулысына қосымша |
|
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 197/2 қаулысына 1-қосымша |
Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Р/с № | Су объектісінің атауы | Орналасқан жері | Су қорғау аймағының ауданы (гектар) | Су қорғау белдеуінің ауданы (гектар) | Су қорғау аймағының ені (метр) | Су қорғау белдеуінің ені (метр) |
Павлодар қаласы | ||||||
1 | Ертіс өзені | Павлодар қаласы-оң жағалау | 554 | 5666 | 105-4270 | 35-3210 |
2 | Ертіс өзені | Павлодар қаласы-сол жағалау | 58 | 3032 | 4293-5785 | 4223-5715 |
3 | Қара Бидайық көлі | Павлодар қаласы | 396,0150 | 26,6590 | 500 | 35 |
Павлодар қаласының ауылдық аймағы | ||||||
4 | Мойылды көлі | Мойылды ауылы | 163,4 | 16,6 | 300 | 35 |
Екібастұз қаласының ауылдық аймағы | ||||||
5 | Шідерті өзені | Шідерті ауылы | 16,9634 | 1,1789 | 500 | 35 |
6 | Темірастау өзені | Төрт-Құдық ауылдық аймағы | 554,3658 | 44,8152 | 254-500 | 35 |
Ақсу қаласының ауылдық аймағы | ||||||
7 | Ертіс өзені | Ақсу қаласының ауылдық аймағы | 1242 | 59517 | 105-14290 | 35-13240 |
Ақтоғай ауданы | ||||||
8 | Ертіс өзені | Ақтоғай ауданы | 8400 | 43997 | 115-11335 | 35-8200 |
Железин ауданы | ||||||
9 | Ертіс өзені | Железин ауданы | 5700 | 8253 | 216-8232 | 36-7081 |
Ертіс ауданы | ||||||
10 | Ертіс өзені | Ертіс ауданы | 11100 | 41842 | 59-8960 | 35-6265 |
Май ауданы | ||||||
11 | Ертіс өзені | Май ауданы | 13500 | 73848 | 950-11926 | 880-10676 |
12 | Кемертұз көлі | Май ауданы | 103 | 21,8 | 500 | 100 |
13 | Ащысу өзені | Май ауданы | 162,7 | 16,3 | 500 | 55 |
Аққулы ауданы | ||||||
14 | Ертіс өзені | Аққулы ауданы | 1000 | 44498 | 67-12332 | 35-11326 |
15 | Тұз көлі | Аққулы ауданы | 1259 | 195 | 500-1300 | 100 |
Тереңкөл ауданы | ||||||
16 | Ертіс өзені | Тереңкөл ауданы | 9600 | 29323 | 45-11595 | 38-9210 |
Павлодар ауданы | ||||||
17 | Ертіс өзені | Павлодар ауданы | 9046 | 55549 | 51-14002 | 35-10699 |
18 | Маралды көлі | Павлодар ауданы | 852,1 | 71,1 | 500 | 35 |
Баянауыл ауданы | ||||||
19 | Біржанкөл көлі | Құндыкөл ауылдық округі | 81,5 | 7,5 | 500 | 35 |
20 | Сабындыкөл көлі | Баянауыл ауылдық округі | 495,6 | 37,7 | 500 | 35 |
21 | Ақсор көлі | Баянауыл ауданы | 212,4 | 23,88 | 300 | 35 |
Шарбақты ауданы | ||||||
22 | Маралды көлі | Шарбақты ауданы | 1006,4 | 80,3 | 500 | 35 |